Об установлении зоны санитарной охраны на участке скважин № 453705ц, № 453705ц-1 для хозяйственно-питьевого водозабора сел Фрунзенское и Красноармейское Денисовского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданының Фрунзенское және Красноармейское ауылдарының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 453705ц, № 453705ц-1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының Фрунзенское және Красноармейское ауылдарының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 453705ц, № 453705ц-1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Денисов ауданының Фрунзенское және Красноармейское ауылдарының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 453705ц, № 453705ц-1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 284 қаулысына қосымша Денисов ауданының Фрунзенское және Красноармейское ауылдарының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 453705ц, № 453705ц-1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының көлемі І – белдеу ІІ – белдеу ІІІ – белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы Су тарту ұңғымалары: № 453705ц, № 453705ц-1 Ұзындығы – 100 метр Ені – 155 метр 1,6 гектар Ұзындығы – 115 метр Ені – 165 метр 1,9 гектар Радиус – 574 метр 103,5 гектар