О прекращении действия публичного сервитута и признании утратившим силу решения акима Нежинского сельского округа № 46 от 25 декабря 2025 года «Об установлении публичного сервитута» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ЖОБА «Жария сервитуттың қолданылуын тоқтату және Нежинка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №46 «Жария сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 74-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне су құбыры жүйесін салу үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 2,2576 гектар жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге белгіленген жария сервитуттың қолданылуы тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Нежинка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №46 «Жария сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.