О внесении изменений в постановление акимата Катон-Карагайского района № 465 от 22 декабря 2016 года «Об определении мест для осуществления выездной торговли» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы» Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 465 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11148 нөмірімен тіркелген) бұйрығының 102-тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Катонқарағай ауданы әкімдігінің «Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 465 (нормативтік құқықтық актілердің 2017 жылғы 26 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4849 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 05 тамыздағы № 32 (7916) «Арай» газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: Аудан әкімдігінің «Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы» қаулысымен бекітілген қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 262 қаулысына қосымша Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар № р/с Әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы Орналасқан орны 1 Үлкен Нарын ауылдық округі Үлкен Нарын ауылы, Тумашинов көшесі (№ 4/5 ғимараты ауданында) 2 Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы, Қайнар көшесі (№ 32 үйдің маңайында) 3 Өрел ауылдық округі Өрел ауылы, Қабанбай батыр көшесі (№ 52 үйдің маңайында); Аршаты ауылы, Күншығыс көшесі (№ 39 үйдің маңайында); Еңбек ауылы, Таңба көшесі (№ 22 үйдің маңайында) 4 Солоновка ауылдық округі Солоновка ауылы, Советская көшесі (№ 22 үйдің маңайында); Малонарымка ауылы, Советская көшесі (№ 10 үйдің маңайында) 5 Катонқарағай ауылдық округі Катонқарағай ауылы, Топорков көшесі (№ 103-1 үйдің маңайында); Қабырға ауылы, Бірлік көшесі (№ 1, 2 үйлердің маңайларында); Жаңа Үлгі ауылы, Тойсаринов көшесі (№ 96 үйдің маңайында); Шыңғыстай ауылы, Баекин көшесі (№ 26, 28 үйлердің маңайларында); Мойылды ауылы, Отан көшесі (№ 2/1 үйдің маңайында) 6 Солдатова ауылдық округі Солдатова ауылы, Астана көшесі (№ 7 үйдің маңайында) 7 Алтынбел ауылдық округі Алтынбел ауылы, Тәуелсіздік көшесі (№ 52 үйдің маңайында); Майемер ауылы, Тайбұға көшесі (№ 73 үйдің маңайында); Үштөбе ауылы, Сыздықов көшесі (№ 12 үйдің маңайында); Егінді ауылы, Школьная көшесі (№ 1 ғимараты ауданында) 8 Коробиха ауылдық округі Коробиха ауылы, Заречная көшесі (№ 9 үйдің маңайында); Барлық ауылы, Абай көшесі (№ 27 үйдің маңайында); Үшбұлақ ауылы, Үшбұлақ көшесі (№ 10 үйдің маңайында) 9 Белқарағай ауылдық округі Белқарағай ауылы, Жүнісов көшесі (№ 18 үйдің маңайында); Белқарағай ауылы, Бейбітшілік көшесі (№ 34 үйдің маңайында); Сөгір ауылы, Достық көшесі (№ 13 үйдің маңайында); Топқайың ауылы, Есімхан көшесі (№ 17 үйдің маңайында); Топқайың ауылы, Қазақстан көшесі (№ 27 үйдің маңайында); Өрнек ауылы, Өскемен – Рахман қайнарлары бағытындағы 320 шақырымдағы республикалық жол бойында 10 Аққайнар ауылдық округі Аққайнар ауылы, Абай көшесі (№ 35 үйдің маңайында); Қызыл-Жұлдыз ауылы, Абай көшесі (№ 8/1 үйдің маңайында); Қайыңды ауылы, Молдағұлова көшесі (№ 2 үйдің маңайында); Ақмарал ауылы Маралды көшесі (№ 12 үйдің маңайында) 11 Новополяковка ауылдық округі Новополяковка ауылы, Абай көшесі (№ 44 ғимараты ауданында); Сенное ауылы, Тәуелсіздік көшесі (№ 22 үйдің маңайында) 12 Ново-Хайрузовка ауылдық округі Ново-Хайрузовка ауылы, Ленин көшесі (№ 71 үйдің маңайында) 13 Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылы, Абай көшесі (№ 23 үйдің маңайында)