О внесении изменений и дополнений в решение Акима г.Алматы № 468 от 16.05.2000 года "О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 16 мамырдағы "Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" N 468 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 03.02.2003 N 12 шешімімен.
Алматы қаласы Әкімінің жанындағы Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі мүшесінің басқа жұмысқа ауысуына және оның құрамына жаңа мүшелердің енгізілуіне байланысты Алматы қаласының Әкімі шешім қабылдады :
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 шешімінің N 1 қосымшасына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Е.С. Мерзадинов Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі мүшелері құрамынан шығарылсын;
Тармақша 2
2) оның орнына Алматы қаласының прокуроры А.К.Кәрім осы Кеңестің мүшесі болып енгізілсін;
Тармақша 3
3) Үйлестіру кеңесінің мүшелері болып - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы С.П.Нұғыманов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасының бастығы Е.С.Смағұлов қосымша енгізілсін.