О внесении изменений и дополнений в Решение очередной четырнадцатой сессии районного маслихата № 5 от 14.09.2004 года «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи для возмещения расходов за потребление коммунальных услуг (центральное и газовое отопление, горячее и холодное водоснабжение, канализация, электроснабжение и потребление сжиженного и природного газа) и норм потребления электрической энергии при расчете жилищной помощи на 1 человека в месяц горячего и холодного водоснабжения, р Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 22 қазанда № 2941 болып тіркелген «Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 қыркүйектегі он төртінші сессиясының № 5 «Бадамша ауылының тұрғындарына тұрғын үй көмегін есептеу үшін ыссы және салқын сумен жабдықтау, сұйытылған және табиғи көгілдір отын шығындарын, тұрғын үй көмегі есебінен айына бір адамға электрқуатын тұтыну нормасын тұрғын үй көмек ретіндегі ақыны тағайындау үшін және коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және газбен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, электрқуатымен жабдықтау, сұйытылған және табиғи көгілдір отын тұтыну) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту жөнінде» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 14 қыркүйектегі аудандық мәслихаттың он төртінші сессиясында бекітілген № 5 « Бадамша ауылының тұрғындарына тұрғын үй көмегін есептеу үшін ыссы және салқын сумен жабдықтау, сұйытылған және табиғи көгілдір отын шығындарын, тұрғын үй көмегі есебінен айына бір адамға электрқуатын тұтыну нормасын тұрғын үй көмек ретіндегі ақыны тағайындау үшін және коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған және газбен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, электрқуатымен жабдықтау, сұйытылған және табиғи көгілдір отын тұтыну) тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту жөнінде» шешіміне, «Бадамша ауылының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді «орталықтандырылған және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылыту, ыссы және салқын сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару және ас дайындау көгілдір отына» тұтыну шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы» Ережеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: Тұрғын үй көмегі Бадамша ауылында тұрақты тұратын және меншік түріне қарамастан,меншік иесі не тұрғын үй пайдаланушысы болып табылатын жеке тұлғаларға, егерде тұтынылған коммуналдық қызмет шығындарына (орталық жылыту және жеке көгілдір отынмен жылыту, салқын және ыстық сумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, канализация, электрмен қамту және сұйытылған және табиғи көгілдір отын тұтыну) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген осы ережемен бекітілген шама шегінде отбасы табысы жиынтығының 10 пайызынан асқан жағдайда ғана тағайындалады, ал құрамында 1-2 (бірінші,екінші ) топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі жасқа мүгедек балалары бар жанұялар үшін орталық жылу мен жеке көгілдір отынмен жылытуға жұмсалған шығындар толық төленеді, қызметтің басқа түрлерінің төленуі жалпы негізде осы отбасылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2 тармақтағы 3 қайырма жаңа редакцияда мазмұндалсын: Коммуналдық қызметтерге борышты болу тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылмайды, борышты өтеу туралы сұрақтар қызмет көрсетуші тарапынан сот билігімен шешіледі. 4 тармақтағы 5 қайырма толықтырылсын: Кәсіпкерлік қызметтен (кәсіпкерлер үшін) табысы жөнінде анықтама және өзін -өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардан ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшердегі сумма. 4 тармақтағы 6, 7, 10 қайырмалар жаңа редакцияда мазмұндалсын: Отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде табыстың барлық түрі есептелінеді, өтіп бара жатқан тоқсан ішінде тұрғын үй көмегіне жүгінушіге, өткен тоқсан ішіндегі атаулы әлеуметтік көмек,18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысы, дүниеге жаңа келген нәрестенің күтіміне берілетін жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы тұрғын үй көмегінен өзге заттай не ақшалай алған табыстың бәрі есептелінеді. Еңбек етуден түскен табыс жанұяның жиынтық табысын есептегенде жұмыс орнынан берілген еңбекақы туралы анықтамаға сүйеніп, төлеуге тағайындалған сумма мөлшеріне есептелінеді (міндетті зейнеткерлік жарналарға, алименттерге, салыққа ұсталатын суммаларды алып тастағанда). Қосалқы шаруашылықтан (оның ішінде үй жануарлары ірі кара, бау-бақша, жер телімі) түсетін табыс көлемі жанұяның жиынтық табысын есептегенде өткен тоқсандагы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынады. Өтемақы шарасымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы тұрғын үй заңнамасында белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін эквиваленттік норма бойынша, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін бір бөлмелі пәтерден кем болмауы тиіс. Көпқабатты пәтерлердің екі не оданда көп бөлмелерінде тұратын құрамында бір адамы бар отбасылар үшін жеке үйде, 36 шаршы метр әлеуметтік нормасын бекіту. Тұрғын үй көмегіне есеп айырысу кезінде электр энергиясын тұтынудың бір адамға тиісті айлық нормасы 60 квт/сағ, ал отбасының бәріне 120 квт/сағ мөлшерінен аспайтын әлеуметтік норманы бекіту; 4 тармақтағы 8,9 қайырма алынып тасталсын; 5 тармақтағы 2 қайырма жаңа редакцияда мазмұндалсын: Жұмыс істеуге қабілетті тұлғалары бар отбасылар, бірақ, жұмыс істемейтіндер (үшінші топ мүгедектерін қоспағанда) өзін жұмыспен қамтымағандар, бірінші және екінші топ мүгедектеріне күтім жасайтын немесе 14 жастағы (1 немесе оданда көп) балалар тәрбиесімен айналысатындарды қоспағанда, оқу орындарында оқымайтындар, армия қатарында қызмет етпейтіндер. 10 тармақ алынып тасталсын. 11 тармақ жаңа редакциямен мазмұндалсын. Азаматтарға өтемақы тағайындау мына жағдайда тоқтатылады, егер тұрғын үй көмегін алушы: - өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама тапсырмаса; - дұрыс есептелмеу және басқа да себептердің салдарынан артық төленген көмектің суммасын кері қайтармаса. - отбасы тұрғын үй көмегін көрсету қызметіне тұрғылықты орнының, отбасы құрамының өзгеруіне байланысты өз шешімін хабарласа бағдарламадан өз еркімен шығарылады. 13 тармақтағы сөз кезегіне қарай "Бадамша-сервис" КМК-нің шотына жолдайды деген сөзден кейін «Ақтөбе газ шаруашылығы басқармасы», «Қарғалы ЭЖУ» сөзімен толықтырылсын. Ереженің 16 тармағы келесі құрамда толықтырылсын: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлінген қаражаттың тиісті орнына жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады: тоқсанына бір мәрте тағайындалған тұрғын үй көмегін алушылардың шотына дұрыс түсірілуіне салыстыру өткізіледі.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.