О внесении изменений в русскоязычную версию решения акима сельского округа Шакен № 5 от 9 сентября 2025 года Қолданыста
Басқа 0
Шәкен ауылдық округі әкімінің
2025 жылғы 09 қыркүйектегі №5 шешімінің қазақ тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Шакен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шәкен ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 09 қыркүйектегі №5 шешімінің қазақ тіліндегі нұсқасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағына
1. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі Шәкен ауылындағы Бақытжан Смағұлов көшесімен қиылысатын №1 атауы жоқ көшеге Абибулла Косболов берілсін.
1) «Абибулла Косболов» сөзі «Абибулла Қосболов» сөзімен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.