Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважины № А-5 акционерного общества "Варваринское" в Тарановском районе Күшін жойған
Басқа 0
Таран ауданындағы "Варваринское" акционерлік қоғамының № А-5 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданындағы "Варваринское" акционерлік қоғамының № А-5 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Таран ауданындағы "Варваринское" акционерлік қоғамының № А-5 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2013 жылғы 4 ақпандағы
№ 37 қаулысына
қосымша
Таран ауданындағы "Варваринское" акционерлік қоғамының № А-5 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту
көзінің
атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
№ А-6,
№ А-7
ұңғымалар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр
Әр
ұңғыманың
айналасында
0,785
гектар
Ұзындығы
– 276
метр
Барынша
ені – 79
метр
2,18
гектар
Ұзындығы
– 2545
метр
Барынша
ені –
119 метр
30,29
гектар
Ескерту: "А-5 ұңғыма учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Варваринское" акционерлік қоғамы).