О внесении изменений в решение № 5 ХL сессии от 1 ноября 2006 года Карагандинского городского маслихата III созыва "Об установлении ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности" Қолданыста
Басқа 0
ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 қарашадағы ХL сессияның "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық
салық ставкаларын белгілеу туралы" N 5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 қарашадағы XL сессияның "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 5 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiндегі тіркелген нөмірі - 8-1-44, "Взгляд на события" газетінде 2006 жылдың 29 қарашасында N 60 (176) жарияланған):
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 1 қарашадағы N 5 шешімге қосымшасындағы 1), 2), 3), 4) тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.