«Об исполнении Постановления Правительства Республики Казахстан за № 503 от 18 апреля 2001 года «О некоторых вопросах кредитования местных бюджетов в целях обеспечения сельхозтоваропроизводителей горюче-смазочными материалами на период весенне-полевых и уборочных работ 2001 года» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18.04. № 503 «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі-далалық және егістік жұмыстар уақытына жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысын орындау жөнінде туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18.04. №503 «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі-далалық және егістік жұмыстар уақытына жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысын және облыстық Мәслихаттың екінші шақырылған кезектен тыс сегізінші сессиясының шешімін орындау үшін облыс әкімі шешті:
Тармақ 1
1. 2001 жылда көктемгі-далалық және егістік жанар-жағар майды алу үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу Ережелері бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» заңының 1, 17-ші баптарына және облыстық Мәслихаттың У11 сессиясында бекітілген әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару нобайына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесіне сай 010.1.257.83 «2001 жылда көктемгі-далалық және егістік жұмыстарын өткізуге ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бюджеттік бағдарламаның Әкімшісі болып Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.А.Жекебаев) тағайындалсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-ші бабына сай облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен және аудан әкімдерімен үш жақты несиелік келісім-шарттарды жасау бойынша Оператор болып «Ақмола астық комитеті» МҚК-ны (М.Б.Омаров) белгіленсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама Әкімшісі, бағдарлама Операторы, аудан әкімдері бөлінген несиелік қорлардың мақсатты пайдалануы мен уақытында қайтарылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 6
Ақмола облысы әкімінің 2001ж. 23.04.
№ 81 шешімімен бекітілген
2001 жылдың көктемгі-далалық және егістік жұмыстарын өткізуге жанар-жағар майды сатып алу үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер 2000 жылдың 22-і желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «2001 жылға Республикалық бюжет туралы» 3аңымен ескерілген «Көктемгі-далалык және егістік жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелеу» № 83 бюджеттік бағдарлама бойынша 2001 ж. 18.04. № 503 «Ауыл шаруашылық тауар өңдірушілерді 2001 жылдың көктемгі-далалық және егістік жұмыстар уақытына жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сай жанар-жағар майды сатып алуға несиені беру реті мен шарттарын анықтайды.
Тарау 2. 2. Несиелеу реті
2. Несиелеу реті
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен түскен, сомасы 906700000 теңге, несиелік қорлар жанар-жағар майды сатып алуға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қайтарылымдық, өтеушілік, мерзімділік, қамтамасыздық шарттарымен несиелеу үшін бағдарламаның әкіміне, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына бөлінеді.
Тармақ 2
2. Бағдарламаның әкімі:
- Ақмола облыстық қаржы басқармасымен және аудандардың Әкімдерімен келісім-шарт жасайды;
- Егістік алаңдар мен жанар-жағар майдың жұмсалу мөлшеріне, жанар-жағар маймен қамтамасыздығы мен аудан әкімдерінен түскен тапсырыстарға сай көктемгі-далалық және егістік жұмыстарын ұйымдастыруға берілетін несиелік қаражаттың мөлшерін анықтайды;
- оператордың есеп-шотына жанар-жағар майды сатып алу үшін несиелік қорларды аудару бағдарламасының Операторы болып Әкімшіліктің Қаулысымен бекітілген «Ақмола астық комитеті» МҚҚ-мен келісім-шарт жасайды;
- жанар-жағар майдың түсуі мен оны қарыз алушыларға бөлуді бақылайды. бөлінген несиенің түсу мониторингін қамсыздандырады.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері:
- бағдарламаның Операторымен, ауыл шаруашылық өндірушілермен үш жақты келісім-шарт жасайды және несиені қарыз алушылармен қайтаруды қамтамасыз етеді;
- бағдарламаның әкімі мен Операторға келісу үшін қарыз алушылардың тізімін ұсынады;
- жанар-жағар майдың түсіу мен мақсатты пайдалануына және 2001 жылдың 1 қарашасына дейін несиелік қорлардың уақытында қайтарылуына бақылау қамтамасыз етеді;
- облыстық Қаржы және Ауыл шаруашылығы басқармаларына несиелік қорлардың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 4
4. Оператор міндетті:
- қарыз алушылармен, аудан Әкімдерімен жанар-жағар майды әкелуге келісім шаррты және кепілдік келісім шартты жасауға;
- бағалардың мониторингін өткізуге, шарт жасауға және ең төмен баға ұсынған жабдықтаушыға жанар-жағар майды алу үшін несиелік қорларды аударуға;
- қарыз алушыларға отынның түсуі мен бөлінуін қамсыздандыруға;
- Оператор есебінен алынған несиелік қорларды 2001 жылдың 1-ші қарашасына дейін қайтарылуын қамтамасыз етуге;
- қарыз алушылармен келісім-шарт жасағанда мақсатсыз пайдаланған несиелік соманың 10 пайыз мөлшерінде, осы деректітапқаннан кейін 3 күн арасында, айыптау санкцияларын және егерде келісім-шартпен белгіленген төлеу мерзімі бұзылса әр күн үшін несиелік борыштың 0,1 пайыз мөлшерінде айыпты ескереді.
- егерде несиелік қорлар уақытында қайтырылмаса ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жөнінде қуыным-талаптық жұмыстарды өткізуге;
Тармақ 5
5. Қарыз алушылар міндетті
- Оператормен несиелік келісім-шартты жасауға;
- 2001 жылдың 1-ші қарашасына дейін алынған несиені қайтаруға;
- Несиені мақсатсыз пайдаланған үшін мақсатсыз пайдаланған несиелік соманың 10 пайыз мөлшерінде, осы деректі тапқаннан кейін үш күн арасында, Операторға айып төлеуге;
- Келісім-шартпен белгіленген төлеу мерзімі бұзылса әр күн үшін несиелік борыштың 0,1 пайыз мөлшерінде Операторға айып төлеуге.
Тармақ 6
6. Несиені қайтару бойынша жауапкершілік аудан Әкімдеріне, бағдарламаның әкіміне және Операторға жүктеледі.