О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан № 537 от 8 апреля 2000 года «О порядке определения черты бедности» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 «Кедейліктің шегін анықтау тәртібі туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі «Кедейліктің шегін анықтау тәртібі туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық статистика басқармасы (Алпатанов С.) әр тоқсан сайын облыс бойынша орта есеппен халықтың жыныс-жас топтары мен жан басына шыққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстық басқармасына ұсынсын.
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстық басқармасы (Қайрешев С.);
Тармақша 1
1) орташа халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің әр тоқсан сайынғы есебінің негізінде заңдылықпен белгіленген тәртіппен кедейлік шегін есептесін;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегі туралы мәліметтерді әр тоқсан сайын, кедейлік шегінен де төмен тұратын халықтың үлесі туралы – жыл сайын мәліметтер жариялап тұрсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Қ.Мүрсәлиеваға тапсырылсын.