О внесении изменений и дополнений в постановление акимата № 54 от 20 марта 2008 года «Об организации выплат социальной и единовременной материальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 54 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 53-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 54 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмірі 9-7-73, «Әулиекөл» газетінде 2008 жылғы 17 сәуірінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы енгізілсін:
жаңа редакцияда 2-тармақтың 7) тармақшасы баяндалсын:
медициналық және педагогикалық мамандықтар бойынша орта-арнайы және жоғары оқу орындарында оқытудың күндізгі түрін жартылай төлеу үшін талапкерлерге және студенттерге көмек, санаттарынан:
1) мүгедектерді;
2) табысы ең төменгі күнкөрістен кем отбасылардан;
3) ата-ананың қамқорлығысыз қалған жетімдерді;
4) 4 және одан астам кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардан.
3-тармақтың 7) тармақшасының «жерлеуді кім өткізген туралы мәлімет» сөздері алып тасталсын.
3-тармақтың 8) тармақшасы «отбасының табыс жиынтығын растайтын мәліметтер» сөздерімен толықтырылсын.
4-тармақтың 1) тармақшасының «қаза тапқан жауынгерлердің жесір әйелдеріне» сөздері алып тасталсын.
4-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын.
4-тармақ «Қазпошта» сөзінен кейін «Тұран Әлем Банкі акционерлік қоғамы – «Темірбанк» акционерлік қоғамы еншілес ұйымының филиалы сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.