«О внесении дополнения в решение № 546 от 5 апреля 2007 года 34 сессии Саранского городского маслихата «О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы
5 сәуірдегі 34 сессиясының «Жергілікті
өкілетті органдардың шешімі бойынша,
2007 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы»
№ 546 шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 5 сәуірдегі 34 сессиясының
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, 2007 жылы мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 546
шешіміне (2007 жылғы 26 мамырдағы № 21 "Ваша газета" газетінде
жарияланған, нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу Peecтpiнің
тіркеу нөмipi 8 -7- 44) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
1 тармаққа 13 тармақша қосылсын «қаладағы жеке мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын, аз қамтылған азаматтарға 0,5 айлық eceптік көрсеткіш мөлшерінде, әpбip алушыға мемлекеттік жеке әлеуметтік көмек алушылардың тiзiмi негізінде, бip жолғы төлем жүргізілсін».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланған күннен кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.