О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района № 57 от 27 февраля 2006 года «О правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 57 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Акжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына біржолгы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі туралы» 2001 жылғы 23 ақпандағы № 148 Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 57 «Ақжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі туралы» қаулысымен бекітілген (тіркеу номері 13-4-27, 2006 жылғы 1 сәуірдегі № 15 «Дала дидары» аудандық газетінде жарияланған) Ақжар ауданының жекеленген санаттағы тұрғындарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесіне (әрі қарай - Ереже) мынадай өзгертулер және толықтырулар енгізілсін: Ереженің 1 тармақтағы 258-015000-332 функциональдық жіктеу коды 451-007000-332 санына өзгертілсін; Ереженің 3 тармағы, «жылына бір реттен артық емес көрсетіледі» сөздерінен кейін, мынадай сөздермен толықтырылсын «және ақшалай беріледі»; Ереженің 4 тармактағы, «аз қамтамасыз етілген отбасылары балаларына» сөздері, «күнкөріс минимумынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына және табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтарға» сөздерімен ауыстырылсын; 5 тармағы мынадай мәтінде қайта жариялансын – «Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген жекеленген санаттағы тұрғындарға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар қажет: ата-анасының, баланы асырап алушының, қамқоршысының (қорғаушысының), жас маманның, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерінің, күнкөріс минимумынан төмен тұратын отбасы мүшелерінің біреуінің, табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтардың өтініштері (әрі қарай - өтініш беруші), өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, арызданушының салық төлеуші ретінде тіркелу номері, өтініш берушінің жинақтық банктегі есеп-шоты, қосымша ретінде жетім балалар мен мүгедек балалар, үшін тууы туралы куәлігінің көшірмесі, баланың мүгедектігін растайтын медико-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы, тиісті органның асырап алу және камкоршы белгілеу туралы шешімі, жас мамандар үшін - жас маман жұмыс істейтін ұйым немесе мекеме басшысының ұсынысы, еңбек келісім-шартының көшірмесі, білімі туралы құжаттың нотариалды бекітілген көшірмесі, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері үшін - өтініш берушінің статусын растайтын құжатының көшірмесі, аз қамтамасыз етілген отбасыларының тұрмыстық-материалды жағдайын зерттеу актісі, отбасы құрамы туралы анықтама, табиғи апаттардан зардап шеккен азаматтар үшін төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің табиғи апаттан келтірілген зиян туралы анықтамасы».