О внесении изменений в решение двенадцатой сессии областного маслихата № 6 от 14 декабря 2001 года «Об утверждении размеров ставок платы по отдельным видам платежей в бюджет» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бюджетке төленетін төлемдердің кейбір түрлері бойынша төлем ставкілерінің мөлшерін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына сәйкес облыстык мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1 тармақта: «Жергілікті маңыздағы жалпы пайдалануға бөлінген автокөлік жолдарындағы нысандарда және елді мекендерде сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орнатқаны үшін төленетін төлемдер» туралы үшінші абзацта «және елді мекендерде» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың он екінші сессиясының № 6 шешімінің «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдердің ставкілері» туралы № 1 қосымшасының 1.3. тармақшасы толығымен жаңа редакцияда оқылсын: «Стационарлық көздерден ластаушы заттардың тастамалары - 371,5».
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 14-желтоқсандағы № 6 шешімінің № 3 қосымшасы жаңа редакцияда оқылсын (Қоса тіркеледі).
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 27 ақпандағы он үшінші сессиясының № 5 шешіміне қосымша Жергілікті маңыздағы жалпы пайдаланатын автокөлік жолдары қапталындағы жолақтарда үш шаршы метрге дейінгі көлемде жарнамалар орнатқандығы үшін ставкілер мөлшері Жолдар дәрежелері Айлық есептік көрсеткіштері Қалаға кіру 2 Екінші дәрежелі жолдар 1 Үшінші, төртінші дәрежелі жолдар 1 Жарнамалық ақпараттар орнатқан кезде олардың көлемі өте үлкен болса, жарнама нысандарына белгіленген үш шаршы метрге дейінгі көлем бойынша төлем ставкісінің мөлшері өседі.