Об отмене действия решения акима Жамбульского сельского округа № 6 от 5 марта 2026 года «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күшін жою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 07-3/94-И ұсынысы негізінде Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 наурыздағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 222816 болып тіркелген, 2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.