О внесении изменений и дополнений в решение Акима города Алматы "О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы" № 623 от 12 июля 1999 года Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2001.07.11. N 1/72 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы "Лицензиялау туралы" Заңына толықтырулар енгізу туралы" Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдесіндегі "Алматы қаласының айырықша мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі N 623 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 1 тармақ келесі жолмен толықтырылсын: -"саяхатшы қызметі";
- N 1 Қосымша мына мазмұндағы 9 тармақпен толықтырылсын:
"9. Алматы қаласының Саяхат департаментінің жанындағы сарапшы комиссиясы - саяхатшы қызметін қорытындылайды."