О внесении изменении и дополнении в постановление акимата района № 63 от 16 февраля 2005 года «О правилах предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан в Акжарском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 16 акпандағы № 63 «Ақжар ауданындағы жекеленген санаттағы азаматтарға емдеу сауықтыру орындарына баруға әлеуметтік көмек беру ережесі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына келісімді аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 16 ақпандағы №63 «Ақжар ауданындағы жекеленген санаттағы азаматтарға емдеу сауықтыру орындарына баруға әлеуметтік көмек беру ережесі туралы» (әрі қарай - Ереже), (аудандык «Дала дидары» газетінің 2005 жылғы 19 наурыздағы №11 санында жарык көрген, тіркеу номері 1502) каулысымен бекітілген Ақжар ауданындағы жекеленген санаттағы азаматтарга емдеу сауықтыру орындарына баруға әлеуметтік көмек беру ережесіне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: - Ереженің 1 тармағы келесі редакцияда оқылсын: «Осы жекеленген санаттағы азаматтарға емдеу сауықтыру орындарына баруға әлеуметтік төлем беру Ережесі (әрі қарай - Ереже) жекеленген санаттағы азаматтарға емдеу сауықтыру орындарына, санаторияларға, профилакторияларга және пансионаттарға тегін баруға берілетін әлеуметтік төлемнің (әрі қарай - Әлеуметтік төлем) тәртібі мен шартын анықтайды»; - 3 тармақтың 8 тармақшасындағы «зейнет жасындағы мүгедектер» сөзі «барлык санаттағы мүгедектер» сөзімен ауыстырылсын.