О внесении изменений и дополнений в решение № 63 от 19 декабря 2007 года 3 сессии Саранского городского маслихата "О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2008 год" Қолданыста
Басқа 0
Саран қалалық мәслихаттың 3 сессиясының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 63 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1999 жылғы 7 суәірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 1995 жылғ 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, мүгедектерге әлеуметтік көмек және жеңілдіктер туралы» Заңдары негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 63 шешіміне (2008 жылғы 2 ақпандағы «Ваша газета» газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі 8-7-59) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтан 10 тармақша «Саран қалалық мәслихатының шешімімен «Саран қаласының Құрметті азаматы» атағы ұсынылған зейнеткерлерге Тәуелсіздік күні мерекесіне – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш, Саран қалалық мәслихаты ұсынған тізім негізінде төлем жүргізілсін» алынсын;
Тармақша 2
2) 1 тармақтың 17 тармақшасында «1 топ мүгедектері» «және 2 топ мүгедектері» сөздерімен толықтырылсын, мүгедектер арбасын пайдаланушыларға;
Тармақша 3
3) 1 тармақ 18 тармақшамен толықтырылсын «туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаторлық емделу кезінде 10515 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жасалсын. Төлем жеке басы куәлігінің мәліметтерін, тіркеу салық нөмірін, екінші деңгейдегі банкта ашылған шотты көрсетумен денсаулық сақтау органдарының тізімдері негізінде жасалсын»;
Тармақша 4
4) 1 тармақ 19 тармақшамен толықтырылсын «басқа мемлекеттер аймағында жауынгерлік әрекетіне қатысушы тұлғаларға, Чернобыль атом электростанциясында апат зардап жоюына қатысқандарға 5000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жасалсын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде және екінші деңгейдегі банкте шөт нөмірі бар алушының жазбаша өтініші, жеке куәлігінің, тіркелген салық нөмірінің көшірмесін көрсеткенде жүргізілсін»;
Тармақша 5
5) 1 тармақ 20 тармақшамен толықтырылсын «мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төлем мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар тізімінің негізінде ай сайын әрбір балаға бір есептік көрсеткіш мөлшерінде жасалсын».
Тармақ 2
2. Әр түрлі негіздер бойынша қосымша әлеуметтік көмекке құқығы бар кезде төлем бір негіз бойынша ғана жасалу керек.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға – К. Сатова, әкімнің орынбасарларына жүктелсін. М. Блок, Л. Ким.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланған күннен кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.