О внесении изменений и дополнений в решение № 63 от 19 декабря 2007 года 3 сессии Саранского городского маслихата "О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2008 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, 2008 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 63 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1999 жылғы 7 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 1994 жылғы 21 қырқүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының «Жергілікті өкілетті органдардың шешім бойынша, 2008 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 63 шешіміне (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-59, № 5 «Ваша газета» газетінде 2008 жыл 2 ақпанда жарияланған) қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурызда өткен 4 сессиясының № 88 шешіміне өзгертулер және толықтырулар енгізілген. (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу номірі 8-7-63, № 19 «Ваша газета» газетінде 2008 жылы 9 мамырда жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтың 14) тармақшасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтарына, мемлекеттік атаулы көмек алушылар тізімі негізінде, әр алушығы бір есептік көрсеткіш көлімінде айына бір рет төлем жүргізілсін», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімі негізінде, әр алышуға екі есептік көрсеткіш көлемінде айына бір рет төлем жүргізілсін» сөйлемімен өзгертілсін;
Тармақша 2
2) 1 тармақтың 20) тармақшасы «18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік балалар жәрдемақысының алатын отбасыларға төлем 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік балалар жәрдемақасын алатын отбасылар тізімі негізінде әр балаға бір есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын жүргізілсін» сөйлеме «18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік балалар жәрдемақасын алатын отбасылар тізімі негізінде әр балаға ай сайын екі есептік көрсеткіш негізінде жүргізілсін» сөйлемімен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиассияның төрағасы – К.Қ.Сатоваға, әкімнің орынбасарлары – М.Е.Блоққа, Л.Н.Кимге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күннен кейін, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.