О внесении изменений в решения акима области № 66 от 20 марта 1997 года и № 137 от 30 июня 1999 года Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 1997 жылғы 20 наурыздағы № 66 және 1999 жылғы 30 маусымдағы № 137 шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.02.2005 № 48 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы» 1999 жылғы 7 қыркүйектегі Жарлығын және мемлекеттік орган мәртебесі жоқ мемлекеттік кәсіпорындарға және басқа да ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге тыйым салу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің және бақылаудың жекелеген мәселелері» туралы 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1225 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыс әкімінің шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің «Тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік қорғауға алу туралы» 1997 жылғы 20 наурыздағы № 66 шешімінің 2-тармағы мынадай редакцияда берілсін:
«Меншіктің түрі мен нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары мемлекеттің қорғауына алынған пайдаланудағы немесе аумақтарда тұрған ескерткіштерді тиісті дәрежеде күтуді және қорғауды қамтамасыз етсін».
3, 4-тармақтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің 20.03.97 жылғы № 66 шешімімен бекітілген жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне қосымша тарихи-мәдени мұралар объектілерін қосу туралы» облыс әкімінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 137 шешіміне:
2, 3 – тармақтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет басқармасы ( Омарғалиев) «Батыс Қазақстан облысында тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы » мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның Жарғысы, одан бақылау және қадағалау функцияларын алып тастай отырып, қайта тіркеуден өткізсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Құлшарға жүктелсін.