О внесении изменений в решение акима области № 66 от 20.03.97г. «О принятии под Государственную охрану памятников истории и культуры» и № 137 от 30.06.99г. «О включении дополнительно новых объектов историко – культурного наследия в Государственный список памятников истории и культуры местного значения, утвержденного решением акима области № 66 от 20.03.97г.» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің «Тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік қорғауға алу туралы» 1997 жылғы 20 наурыздағы № 66-шы және «Облыс әкімінің 1997 жылғы 20 наурыздағы № 66-шы шешімімен бекітілген «Тарихи-мәдени мұралардың жаңа ғимараттарын жергілікті маңызға ие тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне қосымша енгізу туралы» 1999 жылғы 30 маусымдағы № 137-ші шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.02.2005 № 48 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 4, 18 баптарына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының өтiнiшiн ескере отырып ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: - 1997 жылғы 20 наурыздағы N 66-шы шешiмiнiң "Мемлекеттiк қорғауға алынған жергiлiктi маңызға ие тарихи және мәдени ескерткiштерi тiзiмi" деп аталатын N 1 қосымшасындағы реттiк нөмiрi 53, 5-бағандағы "Ескерткiштердiң тұрған жерi" деген сөйлем "Жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын орын" деген сөйлемдермен мазмұндалсын. - 1999 жылғы 30 маусымдағы N 137-шi шешiмінiң "Мемлекеттiк қорғауға алынған жергiлiктi маңызға ие тарихи және мәдени ескерткiштердiң тiзiмi" деп аталатын N 1-шi қосымшасындағы реттiк нөмiрi 330, 5-бағандағы "Ескерткiштiң тұрған жерi" деген сөйлем "Жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын орын" деген сөйлемдермен мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Орал қаласының әкiмi Мұқатаев В. тарихи-мәдени мұралар ғимараттарын қайта қалпына келтiрудi, есепке алуды және олардың пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.