О внесении изменений и дополнений в постановление акимата «Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Сандыктауского района Акмолинской области» № а-6/93 от 19 мая 2003 года, прошедшего регистрацию в управлении юстиции Акмолинской области № 1812 от 26.05.2003г. Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әділет басқармасында 26.05.2003 жылы № 1812 тіркеуден өткен әкімдіктің 2003 жылғы 19 мамырдағы «Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің резервтегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1210 «Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қаулысының негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақмола облысы әділет басқармасында 26.05.2003 жылы № 1812 тіркеуден өткен, аудан әкімдігінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № а-6/93 «Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің резервтегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізсін:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің резервтегі қаражатты пайдалану Ережелерінде:
Тармақша 1
1) 2 тармақтағы «сот шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін орындауға» сөзінен кейін «және басқа да күтпеген шығыстар» сөзімен толықтырсын;
Тармақша 2
2) 4 тармақтың 3 тармақшасын келесі мазмұнда толықтырсын «басқа да күтпеген шығыстар»;
Тармақша 3
3) 12 тармақты толығымен шығарсын.
Тармақ 2
2. Ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.