О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан № 7 от 09 июля 1999 года "О практике применения законодательства по возмещению вреда, причиненного незаконными действиями органов, ведущих уголовный процесс" Қолданыста
Басқа 0
"Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
Тармақ 1
1. «Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 15-тармақта:
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот ақтау үкімін шығарған кезде немесе істі қысқарту туралы қаулы шығарған кезде ҚІЖК-нің 40-бабында, 371-бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың талаптары бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың және соттаудың салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөнінде шешім қабылдайды.»;
екінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Сот актісінің күші жойылғаннан кейін қойылған талапты заңсыз актіні шығарған соттың судьясы сот отырысына мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, жеке-дара қарайды.»;
2) 17-тармақта:
екінші сөйлем «қаулысына» деген сөзден кейін «апелляциялық,» деген сөзбен толықтырылсын, «жоғары тұрған сотқа» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші сөйлемдегі «немесе» деген сөз «немесе/және» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.