О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата № С-7-6 от 12 апреля 2001 года «Об утверждении схемы управления областью», зарегистрированного в Управлении юстиции Акмолинской области за № 628 от 25.05.2001 г. Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың № С-7-6 2001 жылғы 12 сәуірде қабылдап, Ақмола облыстық әділет басқармасында № 628 25.05.2001 жылы тіркелген «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Облыс әкімінің Ақмола облысын басқару схемасына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы ұсынысын қарай отыра, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабындағы 1 тармақтың 3 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірде қабылдаған №С-7-6 «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер еңгізілсін:
Тармақша 1
1). Облыстық бюджеттен қаржыландырылатындар туралы тарауға: Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы «Өнеркәсіп және сауда басқармасы» деген мәтінде айтылсын; «Облыстық табиғатты пайдалану басқармасы» деп толықтырылсын.
Тармақша 2
2) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар туралы тарауға: Бұланды ауданының селолық округ әкімдері деген тұсында «8» цифры «11» цифрына өзгертілсін; Жақсы ауданының селолық округ әкімдері тұсында «13» цифры «16» цифрына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Шешім өз күшіне Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін енеді.