О внесении дополнений в решение Акмолинского областного маслихата № С-7-8 от 12.04.2001г. «Об утверждении Программы управления и приватизации коммунальной собственностью по Акмолинской области на 2001-2002 годы» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облыстық мәслихатының 2001 жылғы 12 сәуірдегі № С-7-8 «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағына және облыс әкімдігінің 13.08.2002 жылғы № а-8/102, 07.10.2002 жылғы № а-10/139 қаулыларына сәйкес облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 4-мамырда Ақмола облысының әділет басқармасында 580-інші нөмірмен тіркелген «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 12 сәуірдегі Ақмола облысы мәслихатының № С-7-8 шешімімен бекітілген коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың Бағдарламасына 2002 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесіне өзгертулер енгізілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Шешім Ақмола облысының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.