О внесении дополнения в решение районного маслихата № 70 от 28 мая 2004 года «Об инструкции назначения и выплаты материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и малообеспеченным гражданам» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 28 мамырдағы «Ұлы Отан соғысынын қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмекті тағайындау мен төлеу Нұсқауы туралы» № 70 шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 2007 жылғы 9 сәуірдегі Меңдіқара аудандық әкімдігінің № 73 қаулысы негізінде, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2004 жылғы 28 мамырдағы № 70 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмекті тағайындау мен төлеу Нұсқауы туралы» шешімнің Нұсқауы (мемлекеттік тіркеу № 2985 2004 жылғы 15 маусым, аудандық «Меңдіқара үні» газетінде 2004 жылғы 16 шілденің № 29 санында жарияланды) келесі абзацпен толықтырылсын: «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге материалдық көмекті есептеу және төлеу өтініш берген күннен бастап бір жолғы жүргізіледі».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.