Об установлении зон санитарной охраны водозаборных скважин № 70, № 74, № 75, № 105 Щербаковского месторождения подземных минеральных вод в Алтынсаринском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ Г. Оспанбекова "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы _____________ С. Байменова
Басқа 3. Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 214 қаулысына қосымша Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 70, № 105 ұңғымалар Ұзындығы – 70 метр Ені - 60 метр 1,14 гектар Ұзындығы – 87 метр Ені – 77 метр 0,71 гектар Радиусі – 473 метр 68,35 гектар № 74, № 75 ұңғымалар Ұзындығы – 60 метр Ені - 60 метр Ұзындығы – 77 метр Ені – 77 метр Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Алтынсарин ауданындағы Щербаков минералды жерасты сулары көздерінің № 70, № 74, № 75, № 105 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген Тапсырыс берушілер - "Санаторий "Сосновый Бор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).