Об установлении зоны санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважины № 7/16 в Костанайском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________Г. Оспанбекова «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________ В. Нечитайло
Басқа 4. Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысына қосымша Қостанай ауданындағы № 7/16 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері I-белдеу II-белдеу III-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 7/16 ұңғыма Ұзындығы – 112 метр солтүстік жағы Ұзындығы – 100 метр оңтүстік жағы Ені – 85 метр батыс жағы Ені – 38 метр шығыс жағы 0,59 гектар Ұзындығы – 112 метр солтүстік жағы Ұзындығы – 100 метр оңтүстік жағы Ені – 85 метр батыс жағы Ені – 38 метр шығыс жағы 0,59 гектар Ені – 1 метр Ұзындығы – 2000 метр 0,2 гектар