О внесении изменений в постановление акимата области № 72 от 23 марта 2004 года (зарегистрировано в департаменте юстиции по Актюбинской области 26 апреля 2004 года № 2683, опубликовано в газете «Актюбинский вестник» № 53-54 от 6 мая 2004 г.) Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 23 наурыздағы № 72 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы (Ақтөбе облысы бойынша әділет департаментінде 2003 жылғы 26 сәуірде № 2683 тіркелген «Ақтөбе» газетінде 2004 жылғы 6 мамырдағы № 53-54 жарияланған)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына
сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
"Ақтөбе облысында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру үшін жергілікті
бюджеттен грант алуға конкурс өткізу туралы" облыс әкімиятының 2004
жылғы 23 наурыздағы № 72 қаулысымен бекітілген конкурстық
комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ғилымов Самат Құанышұлы, Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы
конкурстық комиссия құрамынан шығарылсын;
"Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ
бастығы Юсупова Рашида Әбілсағитқызы комиссия төрағасы болып,
"Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ
бастығының орынбасары Өмірбекова Сәуле Рахымқызы комиссия
төрағасының орынбасары болып, "Ақтөбе облысы қаржы департаменті" ММ
директоры Еңсегенұлы Сағат конкурстық комиссия құрамына енгізілсін.