О внесении дополнения в постановление № 74 от 19 января 2007 года «О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 21 декабря 2006 года № 314 «О бюджете города Аркалыка на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы 19 қаңтардағы № 74 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы № 314 шешімін жүзеғе асыру туралы» қаулыға толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы негізінде, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының шешімін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-47) жүзеге асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 74 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы № 314 шешімін жүзеге асыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-55) «Арқалық хабары» газетінің 2007 жылғы 2 наурыздағы 9 (134) нөмірінде жарияланған қаулысына толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1)1-тармақ 12) тармақшамен «Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысына қатынасушылар мен мүгедектеріне 1000 теңге мөлшерінде, оларға теңестірілгендерге - 500 теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек» толықтырылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Р.С. Жақыповаға жүктелсін.