О внесении изменений и дополнений в постановление № 74 от 19 января 2007 года «О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 21 декабря 2006 года № 314 «О бюджете города Аркалыка на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы 19 қаңтардағы № 74 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы № 314 шешімін жүзеге асыру туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы негізінде, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының шешімін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-47) жүзеге асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 74 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы № 314 шешімін жүзеге асыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-55, «Арқалық хабары» газетінде 2007 жылғы 2 наурызында жарияланған, бұрын 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 229 «2007 жылғы 19 қаңтардағы № 74 «Арқалық қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы № 314 шешімін жүзеге асыру туралы» қаулыға толықтыру енгізу туралы» қаулысымен толықтыру енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-63, «Арқалық хабары» газетінің 2007 жылғы 1 маусымдағы 22 (147) нөмірінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ
13) «Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне байланысты шараларды өткізу шығындары әрбір Ұлы Отан соғысына қатынасушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге 500 (бес жүз) теңге мөлшерінде» деген;
14) Қарттар күні, Мүгедектер күніне байланысты шараларды өткізу шығындары әрбір қарт адамға және мүгедекке 500 (бес жүз) теңге көлемінде» деген тармақшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.