О внесении дополнений в решение Костанайского районного маслихата № 78 от 16 мая 2001 года «О правилах содержания собак и кошек в Костанайском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай аудандық мәслихатының 2001 жылғы 16 мамырдағы № 78 «Қостанай ауданында мысық пен иттерді ұстау ережелері туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабына сәйкес, Қостанай облысы ауыл шаруашылық Департаментінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 6-928 хаты және Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2006 жылғы 5 маусымдағы өтініші негізінде мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай аудандық мәслихатының 2001 жылғы 16 мамырдағы № 78 «Қостанай ауданындағы иттер мен мысықтарды ұстау ережелері туралы» шешімінің 2-тарауына келесі мазмұнда алтыншы тармағы енгізілсін: «Басқыншылығы жоғары өжет жэне оларға ұқсас тұқымды иттердің иелері үшін қажет: - ішкі істер органында тұрғылықты жері бойынша аталған иттерді міндетті түрдегі тіркеуден өткізу (кәсіпорын, мекеме, қорғаныс Министрлігі ұжымы, ұлттық қауіпсіздік Комитеті және арнайы құқық қорғау органдарынан басқа); - жалпы пайдаланатын орындарда иттердің қысқа итбауы және мойын жіпке иттің атымен, мекен-жайы және иенің телефонымен жетон жапсырылған тұмылдырықпен болуын қамтамасыз ету; - үшінші бетке зиян келтірілетін жағдайға міндетті сақтандыру шартын жасау көзделсін; - қоршаған адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай иттерді серуендету тек қана арнайы бөлінген алаңда, бос орындарда немесе орман алабында жүзеге асырылсын; - психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұратын және сәйкес тіркеуді алуға құқық беретін арнайы оқытылатын курстарды өтпеген тұлғалар осындай иттерді иелік етуге рұқсат етілмесін; - сондай-ақ бұрын адамдарға немесе жануарларға зиян келтіруде айыбы ашылған жасы толмағандарда, құқық бұзушыларда осындай иттің тұқымының болуына тыйым салынсын; - көрсетілген иттерді тұрғын үйлердің жанында, балалар алаңында, мектепке дейінгі балалар мекемесі, мектеп аймағында, спорт алаңында және басқа да қоғамдық орындарда серуендетуге тыйым салынсын; - дұрыс асыл тұқымды күзетші-иттерді ұстау үшін таңдауды өткізуге арнайы ереже бойынша және арнайы орындарда жұмыс сапасын тексеруден басқа жануарға зақым келтірмей, заңсыз ұрыстарға тыйым салынсын; Ереже төртінші тараумен толықтырылсын: «Белгілі тұқымды иттердің мезгілімен тіркелуін бақылауды жүзеге асыру және оларды асырауға санын шектеу бойынша атқарушы органдардың құкығы туралы»; сегізінші тармақпен: Санитарлық түсінік бойынша және жергілікті шарттарды есепке алғанда әкімдік шешімі бойынша иелеріне асырауға рұқсат етілетін иттердің саны шектелсін және айрықша жағдайларда осындай жануарларды асырауға тыйым салынсын; тоғызыншы тармақпен: Ведомстволық қарасты тұрғын-қанаулық ұжымдар осы иттерді өз иелерімен мезгілінде тіркелуін және қайтадан тіркелуін жүйелі бақылаудан өткізуге міндетті.
Тармақ 2
2. Қостанай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 маусымдағы № 314 «Қостанай аудандық мәслихатының 2001 жылғы 16 мамырдағы № 78 «Қостанай ауданында мысық пен иттерді ұстау ережелері туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.