О профессионально – технической школе № 8 Қолданыста
Басқа 0
№ 8 кәсіптік – техникалық мектеп туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 30.11.2001 жылғы қорытынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 – желтоқсандағы «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын бағдарламалардың әкімшілік – мекемелерінің мәселелері» № 1335 қаулысын орындау үшін Павлодар бизнес - колледжінің базасында мамандар даярлаудың көп деңгейлігін және оның Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясының тәжірибелік оқу орны ретіндегі жұмысын ескеріп, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласының бизнес – колледжін ұстауға 1999 жылға қарастырылған қаржы шеңберінде 1999 жылғы 11 шілдеден бастап өзін – өзі қаржыландыратын № 8 кәсіптік – техникалық мектеп ашылсын.
Тармақ 2
2. № 8 кәсіптік – техникалық мектеп жергілікті бағдарламаларды орындайтын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер тізбесіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. Қолданылып жүрген заң қағидаттарына сәйкес № 8 кәсіптік – техникалық мектеп облыстық әділет басқармасында қайта тіркелсін.
Тармақ 4
4. Павлодар қаласының әкімі Н.И. Чмых № 8 кәсіптік – техникалық мектепті шығындар сметасына сәйкес қаржыландыруды алдын – ала қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.