Об установлении зоны санитарной охраны Черниговского хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 8, № 9 Кушмурунского месторождения подземных вод в Аулиекольском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 474 қаулысына қосымша Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының мөлшері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 8, № 9 ұңғымалар Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр 1,57 гектар Ұзындығы – әр ұңғыма үшін 102 метр Барынша ені - әр ұңғыма үшін 90 метр 1,8 гектар Ұзындығы – 825 метр Барынша ені – 560 метр 46,2 гектар Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары «Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Чернигов су тартуының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші - «Черниговское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).