«О внесении изменений в решение акима области № 80 от 20.04.2001 «Об определении формы реализации областных бюджетных программ и подпрограмм» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 80 «Облыстық бюджеттік бағдарламалар мен бағдарламашаларды іске асыру түрлерін анықтау туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен. Облыстық Мәслихаттың сессиясының 2001 жылғы 11 мамырдағы № С 9-03 «Облыстық Мәслихаттың сессиясының «2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес облыс әкімі Шешті:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі №80 шешімінің 1 қосымшасына келесі толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін: «1 1 103 2 3 Жергілікті органдар аппараты қаражаттандыру» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «1 1 103 30 00 Депутаттық қызмет қаражаттандыру»; «3 1 251 2 3 Жергілікті органдар аппараты қаражаттандыру» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «3 1 251 2 30 Қылмыстық-атқарушы жүйенің аумақтық органдарының аппараты мен бөлімшелері қаражаттандыру»; «3 1 251 30 34 Қылмыстық-атқарушы инспекция қаражаттандыру» жолы алынып тасталсын; «4 3 263 31 30 Кәсіптік мектептер мен лицейлер қаражаттандыру» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «4 3 263 31 31 Арнаулы кәсіптік мектептер қаражаттандыру»; «4 5 254 11 6 Мемлекеттік мекеме кадрларының мамандықтарын жетілдіру және қайта дайындау мемлекеттік тапсырыс» жолдарындағы «мемлекеттік тапсырыс» сөздері «іс-шаралар» сөзімен ауыстырылсын; «5 9 254 44 Дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдықтарды, санитарлық көліктерді орталықтандырылған түрде сатып алу іс-шаралар» жолдарынан кейін «5 9 254 55 Коммуналдық меншікке жататын денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу қаржыландыру» жолдарымен толықтырылсын; «10 1 257 3 2 Өсімдік аурулары мен зиянкестеріне қарсы жұмыстар орындау мемлекеттік тапсырыс» жолдарынан кейін «101 257 83 Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді 2001 жылғы көктемгі егіс пен егін орағы жұмыстарын жүргізуге несиелендіру кредиттеу» мазмұнды жолдармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.