О внесении изменений в решение акима области № 80 от 20.04.2001 г «Об определении формы реализации областных бюджетных программ и подпрограмм» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 80 «Облыстық бюджеттік бағдарламалар мен бағдарламашалардың атқарылу түрлерін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен. Облыстық Мәслихаттың сессиясының 2001 жылғы 31 қазандағы № С-11-3 «Облыстық Мәслихаттың «2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес облыс әкімі шешті: Облыс әкімінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі №80 шешімінің 1 қосымшасына келесі толықтырулар енгізілсін: «4 5 Кадрларды қайта даярлау» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «4 5 105 11 5 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік тапсырыс» «13 Басқалар» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «13 9 Басқалар» «13 9 105 Әкім аппараты» «9 105 52 00» Облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға арналған сақтық қоры «13 272 2 31 Шағын және орта бизнесті қолдау органдарының аппараты» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «13 9 272 28 00 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіпте тіркеуден өткен шартты міндеттемелері бойынша несиегерлік берешектерін өтеу шаралар» «13 9 274 2 3 Жергілікті органдар аппараты» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «13 9 274 28 00 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіпте тіркеуден өткен шартты міндеттемелері бойынша несиегерлік берешектерін өтеу шаралар»