О внесении изменений и дополнений в решение Акима Алматинской области № 9-274 от 14 сентября 1998 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы Әкімінің 1998 ж. қыркүйектің 14-гі № 9-274 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Жолаушы көлігі саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру мақсатында Алматы облысының Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Әкімінің 1998 ж. қыркүйектің 14-гі "Қалааралық және халықаралық жолаушы автокөліктерінде қызмет көрсетуге ашық тендер өткізу туралы" № 9-274 шешімінің № 1 қосымшасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімді әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізу қажет.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары К.Ә. Әбіләкімовке жүктелсін.
Басқа 4
Алматы облысы Әкімінің 2000 ж. 15 мамырдағы № 5-139 шешіміне қосымша Қалааралық және халықаралық маршруттарда жолаушы автокөлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер жөніндегі Ережеге енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 1.2. тармақтағы: "атынан" сөзінің алдына "аппараты" сөзі қойылсын; "Департаменті" сөзінен кейін "АО-ы МКК-ны" сөзтіркесі енгізілсін; "Көлік Департаменті" сөзтіркесінің алдындағы "облыстың" деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. 1.5. тармақтағы: "облысаралық" сөзі "қалааралық" сөзімен алмастырылсын.
Тармақ 3
3. 2.2. тармақтағы: бірінші абзацтағы "заңды тұлғалар" сөзтіркесінің алдына "меншік түріне қарамастан, автокөлік құралдарына ие" сөзтіркесі енгізілсін; екінші абзацтағы; "қаржы құралымдары" сөз тіркесінен кейін мәтін "сондай-ақ орталық диспетчерлік басқару функцияларын орындайтын және тасымалдаушылардың, жолаушылар мен жүк тасымалдау Ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асыратын автовокзалдар" - мәтінімен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 2.3. тармақтағы бірінші абзац: "мөлшерінде" сөзінің алдына "тендерлік комиссияның Төрағасы", "Көлік департаменті" АО-ы МКК-ы ұсынған шығындар калькуляциясы негізінде бекіткен сомасы" мәтіні енгізілсін; "теңге" сөзі алынып тасталсын; екінші абзац: тармақшалар төмендегі редакцияда баяндалсын:
Тармақша а
а) тендерге шығарылатын маршруттардың негізгі сипаттамасы;
Тармақша б
б) осы үлгі ереже (қосымшаларымен бірге толық комплектісінде);
Тармақша в
в) маршрутта (тарда) жолаушы көлігімен қызмет көрсетудің үлгі келісім-шарты;
Тармақша г
г) тапсырыс берушіге тендерлік ұсыныстарды жіберу үшін бір үлкен және екі шағын конверт.
Тармақ 5
5. 2.4. тармағы "дана" сөзінің алдына "(тендерлік комиссия мүшелерінің санына тең)" сөзтіркесі қойылып, ары қарай мәтін бойынша оқылсын.
Тармақ 6
6. 2.7. тармаққа төмендегі мазмұнда екінші абзац енгізілсін: "Тендерлік құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, тіркеу біткен күні "Тапсырыс беруші", тендерге қатысушылардың тізімін жасап, оны өндірістік-техникалық базаның, жүріс составының бар екендігін және тендерге қатысты басқа мәселелердің сәйкестігін, жергілікті жерге барып комиссиялық тексеру үшін тендерлік комиссияның төрағасына тапсырады. Тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындалып, тендерлік комиссияға беріледі".
Тармақ 7
7. 2.8. тармағында "Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Алматы облысы бойынша комитетінің", "салық инспекциясының" және "МАИБ-ң" деген сөзтіркестері тиісінше "Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау Агенттігі Департаментінің", "салық комитетінің" және ОІІБ жол полициясы басқармасының" сөз тіркесімен алмастырылсын;
Тармақ 8
8. 2.10. тармағындағы: "... тасымалдау қызметі" - сөзтіркесінен кейін "Тендерлік комиссия (тендерге қатысушының шын мәніндегі жағдайын тексеру барысында жасалған анықтама бойынша) қатысушыны тендерге жіберу туралы шешім қабылдау құқығын сақтап қалады", - деп оқылсын;
Тармақ 9
9. 3.1. тармағындағы "қосымшаларда" деген сөздің алдына "2 және 3" деген сандар енгізілсін;
Тармақ 10
10. 3.2. тармақтағы: - а) тармақшасы "а) Ұсынылатын жүріс составы; маршрутта (тарда) жұмыс істеу үшін" деп толықтырылып, ары қарай мәтін бойынша оқылсын; - б) тармақшасындағы "ЖҚ" класының" сөзтіркесі алынып тасталсын; - "диспетчерлік" сөзінен кейін "бақылау-техникалық пункт" сөзтіркесі енгізілсін;
Тармақша ж
ж) тармақшасы төмендегідей редакцияда баяндалсын;
Тармақша ж
"ж) Кадр: - жүргізушілер персоналының болуы және оның жолаушы тасымалына, соның ішінде қалааралық және халықаралық тасымалға байланысты біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі; - әкімшілік-басқару персоналы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі;"
Тармақша з
з) тармақшасы төмендегі редакцияда баяндалсын:
Тармақша з
"з) Соңғы екі жылда Сіздің компанияңыз көрсеткен көлік қызметін (қалааралық және халықаралық маршруттарға қызмет көрсету) сипаттаңыз";
Тармақша л
л) тармақшасындағы: "...жүріс составының" сөзтіркесінің алдында "жуық арадағы үш жылда жаңартудың пайыздық ара-қатынасын көрсете отырып..." сөзтіркесі енгізілсін";
Тармақша м
м) тармақшасы төмендегі редакцияда баяндалсын:
Тармақша м
"м) Жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұсынылып отырған шаралар жүйесі".
Тармақ 11
11. 3.3. тармақшасындағы: "қосымша" сөзінің алдына "2" саны енгізілсін.
Тармақ 12
12. 4.16. тармақшасындағы: - "Департамент бастығы" сөзтіркесінің орнына "Көлік департаменті" АО МКК-ң бас директоры" деп оқылсын; - "Көлік департаменті" сөзтіркесінің алдындағы "облыстың" сөзі алынып тасталсын; - "атынан" сөзінің алдына "аппараты" сөзі енгізілсін. - "Қосымшада" сөзінің алдына "5" саны енгізілсін.
Тармақ 13
13. № 1 қосымшадағы: - "Ашық тендер жариялау" тақырыбы "Үлгі хабарландыру" деп өзгертілсін; - 1 тармақ төмендегідей редакцияда баяндалсын: "Көлік департаменті" АО МКК-ны Алматы облысы Әкімі аппаратының уәкілетті органы бола отырып, 2000 ж. ______"____" қалааралық (халықаралық) маршруттарда жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер жариялайды"; - 4 тармақ төмендегі редакцияда баяндалсын: "Тендерлік құжаттар пакетін маршруттың (тардың) негізгі сипаттамаларын, тендер өткізудің шарттары мен тәртібіне байланысты қажетті анықтамаларды Алматы қаласы, 2-ші Ключевая көшесі, 6"А" мекен-жайындағы "Көлік департаменті" АО МКК-н алуға болады. - 5 тармақтағы: "нақты мерзімі" сөзтіркесімен алмастырылып, соңғы абзацтағы "анықтама үшін телефон" сөз тіркесі алынып тасталсын.
Тармақ 14
14. "2" және "3" санды қосымшалар алынып тасталсын, "4", "5", "6", "7" санды қосымшалар тиісінше "2", "3", "4", "5" деп саналсын.
Тармақ 15
15. № 2 қосымша төмендегі редакцияда баяндалсын: "Тендерлік ұсыныстар нысаны"
Тармақ 1
1. Маршрутта (тарда) жұмыс істеу үшін ұсынылатын жүріс составы № р/с Көлік құралының маркасы Шасси дайындайтын завод Шығарылған жылы Сыйымдылығы Отырғышт.бойынша Көлік бірліктерінің жүріп өткен жолы Жүк қоятын бөлікт.көлемі,жүк көтергіштігі (тонна есебімен) 1. 2. 3. 4.
Тармақ 2
2. Жүріс составын, медициналық пунктін, диспетчерлікті, бақылау-техникалық пунктін сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қажет өндірістік-техникалық базаның болуы ________________________ _______________________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайдың болуы_________ __________________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Линиядан шыққан жүріс бірліктерін ауыстыру жөніндегі шаралар (пайдаланылып немесе ұсынылып отырған) және оларды ауыстыруға кететін уақыт шығынының жүйесі _____________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Жүріс составын жууды, жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі:
Тармақша а
а) салонның ішін;
Тармақша б
б) сыртын
Тармақ 6
6. Кадр
Тармақша 6.1
6.1) Жүргізушілер персоналының болуы, оның біліктік деңгейі және жолаушы тасымалдау жөніндегі жұмыс тәжірибесі. № р/с Аты-жөні Жүргізушілердің жұмыс өтілі Соңғы рет медициналық тексеруден өткен күні,айы,жылы Жалпы қалааралық, халықаралық марштруттарда
Тармақша 6.2
6.2) Әкімшілік-басқару персоналының және инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктік деңгейі, жұмыс тәжірибесі № р/с Құрылымдық бөлімше басшысының лауазымы Білімі, мамандығы Жалпы өтілі Жолаушы автомобилі көлігіндегі жұмыс өтілі
Тармақ 7
7. Соңғы екі жылда Сіздің компанияңыз көрсеткен көлік қызметін (қалааралық және халықаралық маршруттарда қызмет көрсету) сипаттаңыз________________________________________________________________________________ Көрсетілетін қызмет түрі Қызмет көрсетіле бастаған күн, ай, жыл Қызмет көрсету аяқталған күн, ай, жыл Жүріс составының саны Тасымалдау көлемі, мың теңге есебімен
Тармақ 8
8. Көлік компаниясына қатысушының соңғы қаржы жылындағы айналымы___________________________________________________________________________ __________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Тендерге ұсынылған маршруттардың құрылымы және олармен жол жүру тарифтерінің деңгейі _________________________________________________________________ __________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Соңғы үш жылдағы жаңартудың проценттік арақатынасын көрсете отырып, жүріс составтары паркін жаңалауды қамтамасыз етуге бағытталған жоспарының болуы _________________________________________________________________ __________________________________________________________________
Тармақ 11
11. Жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұсынып отырған шаралар жүйесі ____________________________________________________________________________________
Тармақ 12
12. Тендерге қатысушы ұсынып отырған қосымша тендерлік ұсыныстар __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Толықтырылған күн ______,_______, жыл ________ Ескерту: тендерлік ұсыныстардың әрбір тармағы жеке-жеке бетке толтырылады.
Тармақ 16
16. № 4 Қосымша төмендегі редакцияда баяндалсын: "Тендерлік ұсыныстарды бағалау нысанының үлгісі" Тен­дер­лік ұсы­ны­стар по­зи­ци­я­ла­ры­ның балл­мен ал­ған­да­ғы ба­ға­сы Мен­шік иеге­рі­нің р/с Жү­ріс со­ста­вы Өн­ді­ріст.техн.ба­за ӘБП үй жайы Ли­ни­ядан шы­ғып қал­ған кө­лік бір­лік­тер,ауы­сты­ру жүй­е­сі Кө­лік құ­ралд. жу­у­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ру Қа­ла­арал. және Ха­лы­қа­ра маршр-ға соң­ғы екі жыл­да көр­се­ті­ле­тін қызм.Түр­ле­рі жүр­гі­зу­ші­ні­кі ӘБП кестенің жалғасы Соңғы қаржы жылындағы айналым Тарифтер деңгейі мен құрылымы Жүріс составтары паркін жаңарту ЖҚ класының ЖҚ инж-ң ЖҚ автом.ЖҚ шараларының болуы Қосымша ұсыныстар Барлығы Тендерлік комиссия мүшесінің бағалауына сәйкес Аты - жөні __________________________________________________________________________ Балалардың ең көп санын _____________________________________________ нөмірлі көлік компаниясы алды. Қолтаңбасы__________________
Тармақ 17
17. № 5 қосымша - "Маршруттарды пайдалану құқығына арналған келісім-шарт үлгісі" тақырыбы "Жолаушы көлігінің маршрутта (тарда) қызмет көрсетуіне арналған келісім-шарт үлгісі" болып өзгертілсін. Бірінші абзацтағы "Кейін "Тапсырыс беруші" деп аталатын, осы Ереженің негізінде жұмыс істейтін, бастығы Ә.Қ. Құрманғалиев болып табылатын Алматы облысының "Көлік департаменті" деген сөзтіркесі "Кейін "Тапсырыс беруші" деп аталатын, "бас директоры Ә.Қ.Құрманғалиев" болып табылатын, Жарлығының негізінде жұмыс істейтін "Көлік департаменті" АО МКК-ы" деп өзгертілсін. - 1.1. тармақшадағы "Алматы облысының көлік туралы" Ережесіне" - деген сөзтіркесінен кейін "төмендегі маршруттарға 2000 ж. _____________"_____" өткен тендерлік комиссияның № хаттамасына сәйкес" деген сөзтіркесі енгізілсін: № р/с Маршрут номері Маршруттың аталуы Автобустар саны Рейстердің саны Кіріс көлемі,мың теңге есебімен - 2.1.2. тармақшасындағы "...мәтінде қосымша беріледі..." сөзтіркесі "және ажырамас бөлігі болып табылады" сөзтіркесімен толықтырылып, ары қарай мәтін бойынша оқылсын; - 2.1.3. тармақша төмендегідей редакцияда баяндалсын: "Тендерге жеңіп алған маршруттарға қызмет көрсетілген жағдайда, көрсетілген қызметтің ақысын Мердігер төлейді және оның мөлшерін келісім-шарттың мерзіміне қарай, автомобиль көлігі жөніндегі кеңестің хаттамалық шешімі анықтайды. Осы шартқа қол қойылған айдың, 25-нен кешіктірілмей, хаттамалық шешімде көрсетілген сома төленеді". - 2.1.4. тармақшадағы: Жалпы сыйымдылыққа және тиеу нормаларына қарағанда кем дегенде ______ орын сиятын және ... сай келетін, ары кеткенде ______ жылы шыққан" дейін келіп, ары қарай мәтін бойынша оқылсын; - 2.1.10. тармақшадағы "құрамы" сөзімен кейін "автобустардың тізімдегі санының 10 (он) пайызы" деген сөз тіркесі енгізілсін; - 2.1.11. және 2.11.12. тармақшалар төмендегі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 2.1.11
"2.1.11. Нормативтік актілерге сәйкес жүріс составтарының дер кезінде техникалық тексеруден және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі қамтамасыз етілсін;
Тармақ 2.1.12
2.1.12. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен, жүргізуші куәлігі, жүргізетін автомобильдің техталоны, маршрутта жұмыс істеу құқығына растайтын куәлік (түпнұсқа), рейс алдында техникалық және медициналық тексеруден өткендігі туралы белгі соғылған маршрут (жол) парағы, ал халықаралық бағытта жолаушы және жүк тасымалы жүзеге асырылған жағдайда, осы тасымалды орындауға берілген лицензиясы бар жүргізушілерге маршруттарда жұмыс істейтін автомобильдерді жүргізуге рұқсат берілсін". - 2.1.13. тармақшадағы "Тапсырыс берушімен" сөзтіркесінің орнына "заңдармен" сөзі енгізілсін. - мазмұны төмендегідей 2.1.14-2.1.17. тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақ 2.1.14
"2.1.14. Маршруттар тағы басқа тасымалдаушыларға жалға берілмесін, және Тапсырыс берушінің келісімінсіз басқа маршруттарға ауыстырылмасын.
Тармақ 2.1.15
2.1.15. Тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының ары кешкенде 10-на дейін № 1 нысан бойынша есеп және кәсіпорынның балансы тапсырылсын, тасымалдау көлемі бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2.1.16
2.1.16. Жолаушы тасымалы, жолаушылар мен жүкке билет сату, маршруттардың бастапқы, аралықтағы және соңғы пункттерде орналасқан автовокзалдар мен автостанциялар арқылы жүзеге асырылсын.
Тармақ 2.1.17
2.1.17. Жекеменшік автомобильдері барлар, оларда облыстың салық органдарынан алған патенті болған жағдайда, еңбек келісімі немесе шарт (еңбек контракты) бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға қатыстырылсын. Тапсырыс берушіге еңбек келісімі мен "патенттің көшірмелері тапсырылсын". - 2.2. тармақ төмендегі мазмұндағы 2.2.4., 2.2.5. тармақшаларымен толықтырылсын:
Тармақ 2.2.4
"2.2.4. Жол бойы қондырғыларының, аялдама пункттерінің, жүріс маршруттарының т.т. қалыпты жағдайы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Мердігер, маршруттар сызбасымен, жүріс кестесімен, қажетті нұсқамалық және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілсін".
Тармақ 3.1.1
3.1.1. тармақшадағы "...жолаушылар тасымалының жүріс қауіпсіздігі" деген сөздердің алдына "тапсырыс берушіні алдын-ала хабардар ете отырып" деген сөзтіркесі енгізілсін.
Тармақ 3.2
3.2. тармағындағы
Тармақ 3.2.1
3.2.1. тармақша төмендегі редакцияда баяндалсын: "Мердігерден, барлық шарттардың осы келісімге және жолаушы тасымалдау ұйымдарына қойылатын талаптарға ғана сәйкес орындалуы қатаң талап етілсін. Орындалмаған жағдайда Тапсырыс беруші бір жақты шешіммен келісім-шартты бұзу құқығын пайдалана алады";
Тармақ 3.2.4
3.2.4. Тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 4.1
4.1. Тармақтағы
Тармақ 4.1.1
4.1.1. тармақша төмендегі редакцияда баяндалсын: "Келісім-шарттың (келісімге сәйкес тасымалдаудың берілген көлемі орындамауы, куәліктің жоқ болуы, жүріс сызбасының, кестесінің, жұмыс режимінің өзгертілуі, рейске шықпай қалу, бекітілген бір немесе бірнеше маршруттар бойынша жолаушы тасымалының ұйымдастырылмауына байланысты жолаушылардан негізделген шағымның түсуі, келіспеушіліктер т.т.) бұрмаланғаны үшін Тапсырыс беруші бір жақты шешіммен осы келісім-шартты бұзуға дейін барады".
Тармақ 4.2.1
4.2.1. тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. Тармақ төмендегі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 5
5. Кіріс көлемі және Тапсырыс берушіге аударылатын қаржы мөлшері Маршруттар ҚҚС-н қосқандағы жолаушы тасымалынан түскен кіріс көлемі (мың теңге есебімен) ҚҚС-н қосқандағы кіріс көлемінен аударылатын қаржының пайызбен алғандағы мөлшері,мың теңге есебімен 2000 ж.____ «__»№___хаттама.) жылы айы жылы айы
Тармақ 6.2
6.2. тармақ төмендегі редакцияда баяндалсын: "Келісім бұзылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге, тендер өткеннен кейінгі он күн мерзімде маршрутты (жолаушы тасымалымен айналысу құқығын беретін куәлік) тапсырады. Маршрутты тапсыру кезінде Мердігер осы келісімнің талаптары мен шарттарын орындайды. Келісімнің мерзімін екі жақ жыл сайын ұзартып отырады".