О внесении изменений и дополнений в решение Акима области № 9-274 от 14.09.98 г. Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің 1998 ж. қыркүйектің 14-гі № 9-274 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Облыс әкімінің 1998 жылғы қыркүйектің 14-гі № 9-274 шешімімен бекітілген, Қалааралық және халықаралық бағыттарға жолаушы автокөлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ўйымдастыру жөніндегі Ережеге төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1.5. тармақтағы "Бір бағытты (маршрут) түрлі пакеттерге салуға тыйым салынады" - деген сөйлем, мағынасы төмендегідей сөйлеммен алмастырылсын "Облысаралық және халықаралық бағыттардан басқа бір бағытты (маршрут) түрлі пакеттерге салуға тыйым салынады".
Тармақ 2
2. 15 тармақ мағынасы төмендегідей сөйлеммен толықтырылсын: "Көліктік компания орналасқан жердегі салық инспекциясы растаған, бюджетке салық пен төлемдер аударылғандығы және қарыздарының жоқтығы жөніндегі анықтама".
Тармақ 3
3. Жоғарыда көрсетілген Ереженің № 4 қосымшасының 1 тармағындағы таблица "жүк таситын автомобильдер үшін қораптың көлемі текш.м. есебімен" деген бағанмен толықтырылсын.