О внесении изменений в постановление акимата Сарыкольского района № 91 от 20 февраля 2008 года «О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімі (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай - ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 91 қаулысына, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-28 2008 жылғы 5 наурыздағы «Сарыкөл» газетінде жарияланған № 13 2008 жылғы 27 наурыздағы), келесі өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақта «50 % - ға азайту жолымен» сөздері «80 %-ға азайту жолымен» сөздерімен ауыстырылсын; 2) 2-тармақта «50 % - ға азайту жолымен» сөздері «80 %-ға азайту жолымен» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.М. Вандышевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.