О внесении изменений в постановление АкиматаУрджарского района за № 91 от 28 февраля 2005 года «О проведении юридической перерегистрации местных исполнительных органов» Күшін жойған
Басқа 0
Үржар аудандық әкімиятының
2005 жылғы 28 ақпандағы «Жергілікті
атқарушы органдарының заңды қайта
тіркелуін өткізу туралы»№ 91 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» № 480-V ҚРЗ Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар аудандық әкімиятының 2005 жылғы 28 ақпандағы «Жергілікті атқарушы органдарының заңды қайта тіркелуін өткізу туралы»№ 91 қаулысына (Үржар ауданының Әкімдігінің 20.12.2019 жылғы № 507 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере келе) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Қаулының №2 қосымшасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Егінсу ауылдық округінің әкімі К.Нурумбаев заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баймурзаевқа жүктелсін.
Басқа 4. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Үржар ауданы әкімдігінің
28.03.2022 жылғы № 115
қаулысымен бекітілді
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Аппарат») Егінсу ауылдық округі (бұдан әрі – «Округ») әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Округ әкімі өкімімен және шешімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппараттын құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Егінсу ауылы, Әуезов көшесі, 23, индекс 071700.
Тармақ 10
10. Осы ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Аппараттын қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1)Округ әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сонымен қатар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
Тармақша 2
2)Округтің бюджетін жоспарлау және орындау аясында жергілікті атқарушы орган функцияларын жүзеге асыру, сонымен қатар заңнамаға сәйкес коммуналдық меншікті басқаруға;
Тармақша 3
3)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімі, мен әкімдігі мәслихаттың қойған актілермен тапсырмаларын қамтамасыз ету және бақылау.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақ 1
1. Құқықтары:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қарамағында бар ақпараттық деректер банктерiн пайдалануға;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, коммуникация және байланыс жүйелерін пайдалануға;
Тармақша 4
4) өз құзыреттер шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық актiлерді қабылдауға;
Тармақша 5
5) Әкім аппараты жанында консультативтік-кеңесші органдарды құруға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Тармақ 2
2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
Тармақша 3
3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.
15.Функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 2
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
Тармақша 3
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ округтің ауылдарында автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;
Тармақша 8
8) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
Тармақша 12
12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 14
14) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
Тармақша 15
15) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
Тармақша 20
20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 21
21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
Тармақша 22
22) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
Тармақша 23
23) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
Тармақша 25
25) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
Тармақша 26
26) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
Тармақша 27
27) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 28
28) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 30
30) Округте орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 31
31) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
Тармақша 32
32) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 33
33) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 34
34) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;
Тармақша 35
35) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 36
36) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 37
37) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.
Тармақша 38
38) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 39
39) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 40
40) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақша 41
41) Округ бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ Округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару салаларындағы функцияларын жүзеге асырады.
Тармақша 42
42) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Округтің коммуналдық мүлкін басқаруды жүзеге асырады.
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Аппаратты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Аппараттын бірінші басшысы - әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға сайланады, өкілеттігін тоқтады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Аппараттын бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) лауазымды тұлға болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органының аппарат басшысы болып табылады;
Тармақша 3
3) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
Тармақша 4
4) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
Тармақша 5
5) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
Тармақша 8
8) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
Тармақша 9
9) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 10
10) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
Тармақша 12
12) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
Тармақша 13
13) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша Округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
Тармақша 15
15) Округ бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) аудан мәслихатына және жергілікті қауымдастықтың жиналысына Округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
Тармақша 17
17) Округ бюджетінің орындалуы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 18
18) жергілікті қауымдастықтың даму бағдарламасын жергілікті қауымдастық жиналысында бекітуге ұсыну және әзірлеу;
Тармақша 19
19) Округтің коммуналдық меншігіне жататын объектілерді салуға реконструкциялауға және жөндеуге тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;
Тармақша 20
20) жергілкті бюджетті нақтылауды бекіту кезінде аудан мәслихатының сессияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 21
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықпен кездесу өткізеді.
Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Аппаратта заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттын мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.