Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважины № 920501 на станции Озерная в Костанайском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры __________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________ Г. Оспанбекова "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бастығы _______ Қ. Төлеубаев Қостанай ауданының әкімі ______ А. Ахметжанов
Басқа 3. Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 56 қаулысына қосымша Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 920501 ұңғыма Ұзындығы – 60 метр Ені – 45 метр 0,27 гектар Ұзындығы – 103,3 метр Барынша ені – 104 метр 0,8675 гектар Ұзындығы – 601,6 метр Барынша ені – 454 метр 20,65 гектар Ескерту: "Қостанай облысының Қостанай ауданындағы Озерная станциясында № 920501 ұңғыма учаскесінде "Озерное" ЖШС су тартудың санитарлық қорғау аймақтарының белдеулерін негіздеу жобасы" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Озерное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).