Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 9312, № 2056 Аманкарагайского элеватора Семиозерного месторождения подземных вод на территории Аулиекольского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _______ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы _______ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 241 қаулысына қосымша Әулиекөл ауданының аумағындағы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының № 9312, № 2056 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 9312, № 2056 ұңғымалар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр 1,57 гектар Ұзындығы – 167,0 метр Әр ұңғыма үшін барынша ені – 152, 6 метр 16,0 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 564,0 метр 200,0 гектар Ескерту: "Қостанай облысының Әулиекөл ауданы жер асты суларының Семиозерное кен орны Аманқарағай элеваторының №№ 9312 және 2056 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасы" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Аманқарағай элеваторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).