О внесении дополнений в решение сессии районного маслихата № 97 от 14.09.2001 года «Об установлении Правил за нарушение которых предусматривается административная ответственность» (регистрационный № 1279 от 27.09.2001 года) Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 14.09. № 97 «Әкімшілік-жауапкершілікке тарту жөніндегі Ережелерді белгілеу туралы» (тіркеу № 1279, 2001 жылғы
27.09.) шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23.01. № 148-ІІ ҚРЗ «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының, 1 тармағының, 8 тармақшысына, 2001 жылғы 30.01. № 155-ІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің «Бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелерді жергілікті өкілді органдардың белгілеу жөніндегі өкілеттігі» 3 бабына сәйкес аудандық мәслихат шешім етеді:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 14.09. сессиясының «Әкімшілік-жауапкершілікке тарту жөніндегі Ережелерді белгілеу туралы» (тіркеу № 1279, 2001 жылғы 27.09.) № 97 шешімінің № 2 Қосымшасының 3 тармағы «Тұрғын үйлердің және ғимараттардың қабеттерін рәсімдеуге және сәулеттік жоспарлы шешімдерін мақсатты сақтауға үгіттік плакаттарды, үндеу хаттарды, жарқағаздарды, хабарламарды жапсыруға және ілуге, билбортарды қондыруға жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға белгіленбеген орындарға тиым салынады» деген 3 абзацпен толықтырылсын.