Об установлении зон санитарной охраны на участке скважин № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805, № 9806, № 9807 Федоровского хозяйственно-питьевого водозабора месторождения подземных вод "Опресненная полоса" в Федоровском районе Күшін жойған
Басқа 0
Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805, № 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805, № 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу"
жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз
су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805,
№ 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде
санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2013 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысына
қосымша
Федоров ауданының "Тұщыландырылған белдеу"
жер асты суларының кен орны Федоров шаруашылық-ауыз
су тартуының № 9801, № 9802, № 9803, № 9804, № 9805,
№ 9806, № 9807 ұңғымалары учаскесінде
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту
көзінің
атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І-белдеу
І-белдеу
ІІІ-белдеу
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
№ 9801,
№ 9802,
№ 9803,
№ 9804,
№ 9805,
№ 9806,
№ 9807
ұңғымалар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр
5,50
гектар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
112 метр
27,57
гектар
Радиусі - әр
ұңғыманың
айналасында
1509 метр
943,97
гектар
Ескерту: "Тұщыландырылған белдеу" жер асты суларының кен орны Федоров су тартуының №№ 9801-9807 ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Чистый колодец" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).