О внесении изменений и дополнений в решение № 99 районного маслихата от 11 июня 2008 года "О корректировке и установлении ставок отдельных видов налогов и платежей относительно базовых ставок" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 маусымдағы "Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы" № 99 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабтың, 422-бабтың 2-тармағының және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасының негізінде Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 маусымдағы "Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы" № 99 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-86 2008 жылғы 27 маусым, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2008 жылғы 10 шілдеде 29 санында жарияланды): аталмыш шешімнің 1-тармағынан мынадай жолдар алынып тасталсын: "және жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары орналасқан базарлар аумағына бөлінген жерлеріне". Аталмыш шешім мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшері белгіленсін: 1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш; 2) біреуден артық айыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш; 3) ойын өткізу үшін пайдалатылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш; 4) ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш; 5) карт – 2 айлық есептік көрсеткіш; 6) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.