Об определении усредненного тарифа за проезд по маршрутам № № 6, 7, Автовокзал-поселок Беловка на регулярных городских автомобильных перевозках пассажиров и багажа в городе Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың тұрақты қатынайтын № № 6, 7, Автовокзал-Беловка кенті бағыттары бойынша жол жүру бағасына орташаландырылған тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылгы 10 наурыздағы № 113-1 бүйрығымен бекітілген, ХСолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 101 бүйрығымен бекітілген, Түрақты қатынайтын қалааралық облыс ішіндегі, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді қосатын: аудандық немесе облыс орталығымен кенттер, ауылдар (селолар), республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) - жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдау тарифіне есеп әдістемесін басшылыққа ала отырып, Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді түрақты қатынайтын тасымалдауларды үйымдастыру мақсатында, Ақсу қаласында түрақты қалалық және елді мекендерді қосатын маршруттар бойынша жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаудың үсынылатын қүнын анықтау жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 2 қарашадағы үсыныстарын қарай келе, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымал-даудың түрақты қатынайтын қалалық және ауылдық елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру бағасына үсынылып отырған өлшемді оргашаландырылған тариф № № 6,7, Автовокзал-Беловка кенті бағытгарында бір рет жүру қүны бір адамға 40 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдык шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді қалалық автомобиль тасымалдаулары үйымдарының тасымалдаушылармен келісімшарттарына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
түрақты қатынайтын бағыттарда жолаушылардың жол жүру қүнының өзгергендігі туралы, олар күшіне енгенге дейін он күннен кешіктірмей бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы халықты хабардар етсін;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне ақпарат үсынсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.