О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района №12 от 11.01.2005 года «О структуре районных государственных органов управления» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар аудандық әкімиятының 11.01.2005 жылғы «Ауданның мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» №12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V ҚР Заңының 65- бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар аудандық әкімиятының 11.01.2005 жылғы «Ауданның мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» №12 қаулысына (Үржар ауданының әкімдігінің 28.12.2012 жылғы №591 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере келе) келесідей өзгерістер енгізілсін: Қаулының қосымшасымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Ж.Андасова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Турлыбековке жүктелсін.
Басқа 4. Шығыс Қазақстан облысы «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің «15» сәуір 2022 жылғы № 165 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Үржар ауданы аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар: 1) «Үржар аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Жедел басқару құқығындағы Үржар ауданы әкімдігінің «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071700, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 128.
Тармақ 10
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаты: Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту.
Тармақ 14
14. Өкілеттері:
Тармақ 1
1. Құқықтары
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 6
6) бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру; 7 ) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақ 2
2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
Тармақша 3
3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 4
4) театр, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, ауданның мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өңірлік байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады.
Тармақша 6
6) ауданның мәдени құндылықтардын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің ағымдағы және күрделі жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 11
11) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 12
12) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдайды және жәрдем көрсетеді;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
Тармақша 15
15) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 18
18) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы аудан аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 19. 3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгі:
Тармақша 1
1) Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бөлімнің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4- тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
4- тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
Тармақ 18
18. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн. Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Бөлімге бекiтiлген мүлік ауданның коммуналдық меншiгіне жатады.
Тармақ 20. 5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Бөлімді және ведомстволарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлім және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Тармақша 1
1) «Үржар аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 2
2) Үржар ауданы әкімдігінің «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.