О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района №15 от 10.01.2019 года «Об утверждении положения государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Урджарского района Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Үржар ауданының әкімдігінің
10.01.2019 жылғы «Шығыс Қазақстан
облысы Үржар ауданының тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»
№ 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» № 480-V ҚРЗ Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданының әкімдігінің 10.01.2019 жылғы «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы № 15 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Қаулының қосымшасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (М.Еженхан) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баймурзаевқа жүктелсін.
Басқа 4. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Үржар ауданы әкімдігінің
29 наурыз 2022 жылғы
№ 125 қаулысына қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Бөлім) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары дамуының саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақтұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің келесі ведомстволарыбар:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік қүқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122,почталық индекс 071700.
Тармақ 10
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттенжүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімнің заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органныңміндеттері мен өкілеттіктері.
2-тарау. Мемлекеттік органныңміндеттері мен өкілеттіктері.
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес саясатын жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақ 1
1. Құқықтар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi суратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 6
6) бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
Тармақша 7
7) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақ 2
2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
Тармақша 3
3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) елді мекенге бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы аудан аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады.
Тармақша 16
16) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады
Тармақша 17
17) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;
Тармақша 20
20) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолданады;
Тармақша 22
22) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркейді;
Тармақша 23
23) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24
24) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
Тармақша 25
25) елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілеріне дейін аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
Тармақша 26
26) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
Тармақша 27
27) аудандардың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
Тармақша 28
28) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесқызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгі:
Тармақша 1
1) Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4- тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
4- тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
Тармақ 19
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуымүмкiн.
Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Бөлімге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 21. 5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Бөлімді және ведомстволарынқайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.