О внесении изменений в решение районного маслихата №19/5 от 15 июля 2005 года «О ставках разовых талонов и ставок по отдельным видам платежей» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 15 шілдедегі №19/5 «Бір мезгілдік талондар ставкасы және төленімнің жеке түрлерінің ставкасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №219-ІІІ «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 15 шілдедегі №19/5 «Бір мезгілдік талондар ставкасы және төленімнің жеке түрлерінің ставкасы туралы» шешіміне (2005 жылғы 17 тамыздағы тіркелу №13-8-7, 2005 жылғы 2 қыркүйектегі №37 «Маяк» газеті) 2006 жылғы 6 сәуірдегі №24/11 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 15 шілдедегі №19/5 «Бір мезгілдік талондар ставкасы және төленімнің жеке түрлерінің ставкасы туралы» шешіміне қосымшалар енгізу туралы» шешімін есепке ала отырып (2006 жылғы 3 мамырдағы тіркелу №13-8-24, 2006 жылғы 12 мамырдағы №21 «Маяк» газеті) келесі өзгерістер енгізілсін: аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 15 шілдедегі №19/5 шешімінің №3 қосымшасына: «Ақшалай ұтысты ойын автоматы» 3 тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланынынан соң он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.