Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в сельских сообщениях по маршруту №3 Карабулак – Абай - Оркусак Жетысу – Екпинди – Сырымбет Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
№3 бағыт бойынша Қарабұлақ – Абай – Орқұсақ - Жетісу Екпінді - Сырымбет ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №3 бағыт бойынша Қарабұлақ – Абай – Орқұсақ – Жетісу - Екпінді Сырымбет ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф - 400 (төрт жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Абылкасымовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.